Warning: Use of undefined constant HTTP_USER_AGENT - assumed 'HTTP_USER_AGENT' (this will throw an Error in a future version of PHP) in /var/www/vhosts/ruhaniat.kz/altynorda.ruhaniat.kz/wp-content/themes/astra/header.php on line 1
Басты бет - АлтынОрда

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ "РУХАНИЯТ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Share on facebook
Share on twitter
Share on email
Share on telegram
Share on vk

Алтын орда

Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек

Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.

Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.

Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.

Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.

Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.

Билік еткен хандар

Ұлағжы, Сартақтың баласы

Бату хан

Берке, Жошы ханның баласы

Сартақ, Бату ханның баласы

Мөңгу-Темір, Тұғанның баласы